ОО "Локальная профсоюзная организация работников компании "Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В"
0
Мұнайшылар күні мерекесіне арналған Үстел теннисы бойынша ашық турнир

2019 жылдың 29 Тамыз айында бекітілген ережеге сәйкес Чех қалашығында Мұнайшылар күні мерекесіне және Қазақстан мұнайының 120 жылдығына орай арналған Үстел теннисы бойынша ашық турнир өтті.

Жарыс айналым жүйесі және бекітілген ереже бойынша өтті. Турнирді дайындауға және өткізуге, жалпы басшылықты КПО кәсіподақ ұйымы жүргізді (М.Хайруллин). Турнирдің негізгі басшылығын атқарған басты төреші- Кәрімов Ақан (теннис бойынша КПО командасының капитаны) және тәуелсіз төреші Құдабаев Еркін.

А.Кәрімов спортшылар алдында салтанатты сөз сөйлеп, мейрамдырымен құттықтап, барлық қатысушыларға сәттілік тіледі және турнирді ашық деп жариялады. Әдемі, жігерлі ойынның қорытындысы бойынша нәтижелер:

 

I орын – Команда: Рустам Абдорахимов; Бисенгалиев Альбек

II орын –Команда: Азизбек Тажиков; Ақылбек Успанов

III орын–Команда: Таубаев Айдын, Хайров Ержан

 

Номинациялар бойынша ерекшеленген:

• Әдемі ойын үшін – Берсугуров Ердос

• Жеңіске деген ерік үшін – Кесаев Александр

• Тенниске деген берігі үшін – Глушко Александр

 

Бекітілген Ережеге сәйкес спортшылар дипломдар, сыйлықтар мен ақшалай сыйақымен марапатталды.

Марапаттау рәсімінен кейін, кәсіподақ ұйымының заңгері Жусубалиева Маусымжан жеңімпаздар мен қатысушыларды жақсы нәтижелермен құттықтап, спорт саласында жетістіктер мен жеңістер тіледі.