ОО "Локальная профсоюзная организация работников компании "Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В"
0
Волейболдан аудандық ашық турнир өткізілді

Қазан айының  7-8 күндері  аралығында  Бөрлі ауданы, Ақсай қаласында  КПО Б.В.  кәсіподағының төрағасы  Хайруллин М.А қолдауымен,  дүние жүзілік  Лайықты еңбек күніне арналған ерлер мен әйелдер  арасында волейболдан аудандық ашық турнир өткізілді.

 

«Спорт – денсаулық кепілі». Бұл девиз Қарашығанақ компаниясы үшін құр сөз емес екендігіне 2018 жылғы спорт саласында жеткен ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктеріміз дәлел болары сөзсіз. Елбасымыз да жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауларында салауатты өмір салты мен бұқаралық спортты дамытуға аса үлкен мән беріп келеді. Жарысқа аудан аумағынан 6 команда қатысты.  Айта кетсек, Бөрлі ауданының ұлттық құрамасы, №3 мектеп құрамасы, №4 мектеп құрамасы, Өрт сөндірушілер мекемесінің құрамасы, Қарашығанақ құрамасы және Қарашығанақ кәсіподақ ұйымының құрамалары өнер көрсетті. Турнир екі күнге созылды. Жоғары деңгейде ұйымдастырылған турнир жанкүйерлердің көңілінен шықты деп айтуға толық негіз бар, себебі соңғы ақтық кездесулерге дейін тарқамай, спортшыларға қызу қолдау білдіріп отырды. Шиленісті кездесулерден кейін командалар жүлделі орындарды былайша бөлісті.

 

Бірінші орынды Бөрлі ауданының ұлттық волейбол командасы жеңіп алды. Екінші орынды №3 мектеп құрамасы, үшінші орынды Қарашығанақ кәсіподақ ұйымының командалары иеленді. 

 

Жеңімпаз және жүлдегер командаларға мақтау қағаздары және қаржылай сыйлықтар тапсырылды.

 

Аталмақ турнирде КПО Қарашығанақ кәсіподақ ұйымының құрамалары жоғары деңгейде өнер көрсетіп, өз өнерлерімен  көзге түсіп, көрермен көзайналымына айналды.

 

Осы сәтті пайдалана отырық, спортшыларымызға табыс, жетістік және алдағы өтетін үлкен спорттық додаларда жеңіс тілейміз.