Қарашаның 28-і күні Достық үйінде кәсіподақтың белсенді жастарының қатысуымен «Жастар – кәсіподақ қозғалысының келешегі» атты облыстық форум өтті.
Қарашаның 28-і күні Достық үйінде кәсіподақтың белсенді жастарының қатысуымен «Жастар – кәсіподақ қозғалысының келешегі» атты облыстық форум өтті. ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында өткен форум жұмысын «БҚО-ның кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі жанындағы «Келешек» жастар қанаты ұйымдастырды. Батыс Қазақстан облысының әр өңірінен жиналған 100-ге жуық жастардың басын біріктірген айтулы шараның алғашқы кезеңінде сөз алған облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы Ербол Салықов өңірдегі кәсіподақ саласының бүгінгі тынысынан хабардар етті. Облысымыздағы жастар қозғалысының белсенділігін атап өткен Ербол Ғұмарұлы әр саладағы кәсіподақ мүшелерін бірлесе жұмыстануға шақырды. Облысымыздағы салалық кәсіподақ ұйымдарының төрағалары Айдар Батырханов және Марат Даупаев форум қатысушыларын мерекемен құттықтай отырып, кәсіподақ ұйымдарының мән мағынасын түсіндіріп, ақыл-кеңестерін айтып, тәжірибелерімен бөлісті.