Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Кәсіподақ комитеті б.в. КПО, Ақсай қаласы, өнеркәсіп аймағы, Жібек ғимараты, каб. 216, 217
+7 (71133) - 6653
+7 (71133) - 4920
+7 (71133) - 2550
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы
«Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» компания қызметкерлерінің жергілікті кәсіподақ ұйымы» қоғамдық бірлестігі
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/kpotrade-union.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Құрметті әріптестер!

«KPO компаниясы қызметкерлерінің жергілікті кәсіподақ ұйымы» ҚБ - нің 2019 жылғы 7 қыркүйекте өткен веложарыстың нәтижелері туралы, қоса берілген хаттаманы және оған қысқаша есеп беруді назарларыңызға ұсынамыз.

2019 жылдың қыркүйек айы Батыс Қазақстан облысына және тікелей Ақсай қаласына жылы ауа - райының келуімен ерекшеленді. Осы керемет кезге орай «Ақсай» шаңғы клубы КПО кәсіподағының қолдауымен вело - жарысын ұйымдастырды. Барлық қауіпсіздік шаралары сақталды, жол бойы спортшыларды жедел жәрдем медициналық қызметі, сонымен қатар мемлекеттік жол полициясының қызметтік көліктері сүйемелдеді. Құзыретті органдарға маңызды қызметтері үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз!

7 қыркүйекте өткен жарыс Қазақстан Республикасының мұнай және газ саласы қызметкерлерінің күніне және Қазақстан мұнайының 120 жылдығына арналды. Веложарыстың идеясы жарыстың спорттық рухын көрсету, жас ұрпақты спортпен айналысуға және салауатты өмір салтын ұстануға баулу болды. Бұл жолы ең үлкен жастағы қатысушы 74 жаста еді, ол барлық қашықтықты сәтті жүріп өттіп құттықтаулар алды. Бұл өскелең ұрпаққа, балалар үшін үлгі.

Жарыс өте тартысты өтті, өйткені барлық жазғы маусымда спортшылар жақсы дайындықта болып, жақсы нәтиже көрсеткісі келді.

Жарыстың мәртебесі мен жоғары деңгейіне біздің спортшылар да, Орал қаласының спортшылары да қолдау көрсетті.

Сайыстың қатысушыларына барлық жолдарда сәттілік, денсаулық және сәттілік тілейміз.Фото - есепті келесі сілтемеден көре аласыз K:\General\Users\Aksai Ski Club\2019

Iзгі ниетпен, Ұйымдасытру комитеті

турнирге жауапты М.Космагамбетов