Құрметті әріптестер,
Бекітілген ережеге сәйкес Чех қалашығында «Республика күніне» орай КПО б.в. компаниясы жұмыскерлері арасында Үстел теннисінен турнир өтті. Турнирдің дайындығы мен өтуін КПО кәсіподақ ұйымының төрағалары М.А. Хайруллин және М.Ж. Умбитгалиев басқарды. Ал бас төреші – Сарсенбаев Тимур, Қайырғалиев Асет және Ұйымдастыру комитеті турнирдің өтуіне тікелей басшылық етті.
Әдемі, жігерлі ойынның қорытындысы бойынша нәтижелер:
I орын: Абдорахимов Рустам
II орын: Успанов Ақылбек
III орын: Нурадинов Асхат
Номинациялар бойынша ерекшеленген:
Әдемі техникасы үшін – Тажиев Ғимран
Үстел теннисіне адалдығы үшін – Альбек Бисенгалиев
Жеңіске деген жігері үшін – Жапақов Ғариполла