Құрметті әріптестер!
«Спорт – денсаулық кепілі». Әділ ұранды растау үшін КПО б.в. өз қызметкерлерінің дене шынықтыру және спортпен шұғылдануына көп көңіл бөледі, соның арқасында бізде батыл және лайықты чемпиондар мен жеңімпаздар туады.
2025 жылы 13-ші Ақпан күні «Жұмысшы мамандықтарының жылына» орай ұйымдастырылған, КПО б.в. қызметкерлерінің арасында ұлттық төл күресіміз «Қазақ күресінен» турнир өз мәресіне жетті. Ұйымдастурушылар: кәсіподақ төрағалары М. Хайруллин, М. Умбитгалиев, КПО-курес капитаны Е. Қоянбаев, ДТРиСО КПО б.в.
Жарыстың ашылу салтанатында Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалып, КПО б.в. Кәсіподақ ұйымының заңгері - Халелов Нұрлан Әлимжанұлы; облысымызға танымал, еркін күрестен спорт шебері, спорт ардагері - Симаченко Виктор Иванович және қонағымыз - Ұңғымаларды пайдалану және өндіріc бөлімінің басшысы Ван дер Штеррен Роланд сөз сөйлеп, шара қонақтарын, спортшылар мен барлық жанкүйерлерді мерекелерімен құттықтап, спортшыларға сәттілік тіледі.
Жоғары деңгейде ұйымдастырылған турнир жанкүйерлердің көңілінен шықты деп айтуға толық негіз бар, себебі соңғы кездесулерге дейін тарқамай, спортшыларға қызу қолдау білдіріп отырды. Бес салмақ дәрежесінде өткізілген турнир аса тартысты өтіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдармен, бейсболкамен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Салмақ дәрежесі бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
68 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша:
I орын – Құлмұханов Рүстем (ГКДҚ-3);
II орын – Өтесов Айтқұл (Техникалық қызмет көрсету бөлімі);
III орын – Рахметоллин Әділет (ГКДҚ-2).
76 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша:
I орын – Қоянбаев Ерлан (Ұңғымаларды пайдалану және өндіріс бөлімі);
II орын – Закарин Байжан (ҚӨК);
III орын – Гумаров Нұрбол (ГКДҚ-2).
82 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша:
I орын – Қайржанов Қуандык (Химиялық зертхана бөлімі);
II орын – Халиуллин Өркен (ҚӨК);
III орын – Ханиятов Талант (ГКДҚ-2).
90 келіден жоғары салмақ бойынша:
I орын – Тлеген Айбек (Ұңғымаларды пайдалану және өндіріс бөлімі);
II орын – Жұмағазиев Азат (Ұңғымаларды пайдалану және өндіріс бөлімі);
III орын – Бекеш Әділжан (ҚКЖ).
Түйе Палуан:
I орын – Тлеген Айбек (Ұңғымаларды пайдалану және өндіріс бөлімі);
II орын – Қайржанов Куандық (Химиялық зертхана бөлімі);
III орын – Ханиятов Талант (ГКДҚ-2).
Үздік номинация бойынша:
«Жеңіске деген жігерлігі үшін» – Бақытжанов Батырхан (Ақпараттық технологиялар бөлімі).
Осы сәтті пайдалана отырып, палуандарымызға сәттілік, жұмыстарына табыс, жетістік және алдағы өтетін үлкен додаларда жеңіс тілейміз!
Ізгі құрметпен,
Ұйымдастыру комитеті