Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Кәсіподақ комитеті б.в. КПО, Ақсай қаласы, өнеркәсіп аймағы, Жібек ғимараты, каб. 216, 217
+7 (71133) - 6653
+7 (71133) - 4920
+7 (71133) - 2550
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы
«Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» компания қызметкерлерінің жергілікті кәсіподақ ұйымы» қоғамдық бірлестігі
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/kpotrade-union.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Бекітілген Ережеге сәйкес 2025 жылғы 17 қаңтарда Чех қалашығында «2024 жылғы Үстел теннисінен рейтингтік турнир» мәресіне жетуіне орай КПО б.в. компаниясы жұмыскерлері арасында турнир өтті. Жарыстың өту жүйесін төрешілер алқасы мен Ұйымдастыру комитеті анықтады. Турнирге дайындық және оны өткізу бойынша жалпы басшылықты КПО кәсіподақ ұйымдарының төрағалары М.А. Хайруллин және М.Ж. Умбитгалиев атқарды. Турнирді өткізуге жетекшілік еткен – КПО үстел теннисі командасының капитаны Кәрімов Ақан. Төрешілер: Темиржан Калим және Жапақов Ғариполла.

«КПО мұнай-газ компаниясы жұмыскерлерінің кәсіптік одағы» ҚБ заңгері Халелов Нурлан Алимжанұлы спортшылар алдында салтанатты сөз сөйлеп, 2024 жылғы рейтингтік турнирдің тәмамдалуымен құттықтады және КПО Кәсіподақ ұйымының өтініші бойынша Қазақстан мұнай-газ саласының кәсіподақтар федерациясы компанияның қоғамдық жұмыстарына белсене қатысқаны және салауатты өмір салтын насихаттап жүрген КПО үстел теннисінің капитаны Каримов Ақан Аманғалиұлын «Салалық кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапаттады.

Турнир төрешілері Темиржан Калим мен Жапақов Ғариполла спортшылар алдында сөз сөйлеп, 2024 жылғы рейтингтік турнирдің тәмамдалуымен құттықтады, қатысушылардың бәріне сәттілік тілей отырып, турнирді ашық деп жариялады. Әдемі, жігерлі ойынның қорытындысы бойынша нәтижелер:

I орын: Нурадинов Рафхат (Кен орны бөлімі)

II орын: Нурадинов Асхат (Өндірісті қолдау бөлімі)

III орын: Сатыбалдиев Ерлан (ГКДҚ-2)

Номинациялар бойынша ерекшеленген:

Әдемі техникасы үшін – Ермагамбетов Тулеген (ҚӨК)
Жеңіске деген жігері үшін – Бабиев Ибрагим (Өндіріс бөлімі бойынша ҚТ)
Үстел теннисіне адалдығы үшін – Игельманов Мурат (Ұңғыма операциялары)

Он екі айға созылған тартыстан кейін мынадай нәтиже анықталды:

I орын – Роберто Скривано (Мұнай жинау бөлімі)

II орын - Темиржан Калим (Геология және кен игеру бөлімі)

III орын - Жапақов Ғариполла (Жалпы жобалар бөлімі)

12 ай бойы 50 жұмыскер қатысқан рейтингтік турнир жоғары бәсекелестік жағдайында өтіп, қатысушылар мен жарыс жанкүйерлерін бей-жай қалдырмады.

Әрбір ойын турнирге қатысушылардың барлығын алаңдатып, эмоциялар дауылын тудырды, спортшыларға жылы лебіздер білдіріліп, қошемет көрсетілді, ойыншылар өз шеберлігін көрсетті.

Жыл ішінде қол жеткізген жетістіктері үшін Роберто Скривано (мұнай жинау бөлімі) «Golden Racket 2024» (Алтын ракетка-2024) кубогымен, сондай-ақ КПО кәсіподақтары атынан арнайы сыйлық – «Butterfly»  ракеткасымен марапатталды.

КПО үстел теннисі бойынша ұйымдастыру комитетінің мүшелері турнир қорытындысы бойынша спортшыларды құттықтады. Турнир қатысушыларының барлығы Кәсіподақтар мен ұйымдастыру комитетіне турнирді сапалы ұйымдастырғаны үшін және дене шынықтыру мен спорт саласындағы толассыз қолдау үшін алғыс білдірді. Жарыс жеңімпаздарын шын жүректен құттықтаймыз! Сонымен қатар іс-шараның табысты өтуіне мұрындық болған жұмыскерлер мен қатысушылардың барлығына алғыс білдіреміз.

Осы сәтті пайдалана отырып, спортшыларымызға мықты денсаулық, жұмыстарына табыс және алдағы додаларда жеңіс тілейміз.