Құрметті әріптестер!
2025 жылғы 3-4 мамыр күндері Ақтөбе қаласындағы Үлкен спорт сарайында өткен БЖЖ (Бразилиялық джиу джитсу) бойынша Батыс Қазақстан өңірінің ең ауқымды «DCity» турнирінде әріптесіміздің жеткен жетістігін қуана хабарлаймыз.
БЖЖ бойынша ең мықты спортшылардың басын қосқан осы маңызды турнирге әріптесіміз, КПО кәсіподағының мүшесі Әділжан Бекеш (KEP1 департаментінің Іске қосу-реттеу тобының жетекшісі) қатысты. Аса тартысты жекпе-жектерде Әділжан 85 кг салмақ дәрежесінде (көк белбеулер санатында) бірінші орынды иеленді. Бұл турнирде Әділжанның ұлы - Ағлан Бекеш те жеңіс тұғырынан көрініп, «Балалар - ақ белбеу» санатында алтын медаль жеңіп алды. Спортты серік еткен бұл отбасы бұған дейін де КПО компаниясы мен Ақсай қаласының атынан түрлі өңірлік және халықаралық жарыстарда табысты өнер көрсетіп келеді.
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз және алдағы турнирлерде жарқын жеңістер тілейміз!
Ізгі құрметпен,
Еңбек ресурстары және қызметтер директораты