Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Кәсіподақ комитеті: бв КПО кәсіподақ комитеті, Ақсай қаласы, Промзона, Айгүл ғимараты, каб. 101,103
+7 (71133) - 6653
+7 (71133) - 4920
+7 (71133) - 2550
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы
«Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» компания қызметкерлерінің жергілікті кәсіподақ ұйымы» қоғамдық бірлестігі
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/kpotrade-union.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Құрметті әріптестер!

«2025 жыл – Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында Отан қорғаушылар күніне орай өткізілген шахматтан ашық турнир қорытындысы туралы  хабарлаймыз.  Турнирдің ұйымдастыру комитеті:   КПО кәсіподағы (М. Хайруллин), Қарашығанақ кәсіподағы (М. Умбитгалиев) ЕРжҚД-мен (М. Иванченков) бірге. Турнир бекітілген Ережеге сәйкес 2025 жылғы 4 мамырда Орал қаласы, Астана шағын ауданы 3/1, «Алтындар» СҮ, 2 қабат, «Шахматный клуб» бутигінде өтті.

Турнир үлкен қызығушылық тудырып, оған өте жоғары шеберліктегі ойыншылар да қатысуға ниет білдірді.  Балалардан бастап ардагерлерге дейінгі барлық жас және шеберлік санаттарын қамтыған бұл турнир нағыз тартысқа толы бәсекелермен ерекшеленіп, көрермендердің ыстық  қолдауына ие болды.  Қатысушылар санының көптігі ұйымдастыру комитетінің жарыс уақытын ұзартуына әкелді.  Турнир көпшілік көңілінен шығып, ресми марапаттау рәсімінде қатысушылар мен жанкүйерлер ашық турнирді жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін КПО компаниясына және Кәсіподақтарына шын жүректен алғыс білдірді.  Қатысушылардың барлығы облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі чемпиондармен шахмат тақтасында күш сынасқандарына риза болды.  Жеңілістің өкінішімен қатар, мұндай мықты қарсыластармен кездесудің өзі олар үшін үлкен мәртебе екенін атап өтті.  Әртүрлі санаттар мен жас топтарында үздік деп танылған қатысушылар лайықты қошеметпен марапатталды.  

Аса күрделі турнирде өз топтарынан суырылып шығып, үздіктер тұғырынан көрінгендер қатарында әріптестеріміз де бар: 

  • Бектенов Жарас — 1-орын;
  • Жалмуханов Кайырбек — 2-орын;
  • Наби Даирхан — 3-орын. 

Жекелеген номинациялар бойынша марапатталғандар:  Нугманов Аяпберген — «Үздік ардагер»; Муксинов Дамир — «Үздік юниор».   

КПО ұжымы атынан әріптестерімізді жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға алдағы турнирлерде жарқын жеңістер тілейміз!

Ұйымдастыру комитеті КПО шахмат командасының капитаны Жалмуханов Кайырбек Артуровичке және бұл турнирдің Бас төрешісіне ерекше алғысын білдіреді.

Ізгі құрметпен,

Еңбек ресурстары және қызметтер директораты