ОО "Локальная профсоюзная организация работников компании "Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В"
0
Үстел теннисінен турнир қорытындысы

2019 жылдың 18-19 Наурыз айында бекітілген ережеге сәйкес Чех қалашығында Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне арналған Үстел теннисы бойынша ашық турнир өтті.

Жарыс айналым жүйесі және бекітілген ереже бойынша жүзеге асты. Турнирді дайындауға және өткізуге, жалпы басшылықты КПО кәсіподақ ұйымы жүргізді (М. Хайруллин). Турнирдің негізгі басшылығын атқарған бас төреші - Кәрімов Ақан (теннис бойынша КПО командасының капитаны) және тәуелсіз төреші - Құдабаев Еркін.

А.Кәрімов спортшылар алдында салтанатты сөз сөйлеп, Наурыз Мейрамы күнімен құттықтап, барлық қатысушыларға сәттілік тіледі және турнирді ашық деп жариялады. Екі күндік әдемі, жігерлі ойынның қорытындысы бойынша нәтижелер:

 

I орын – Команда: Азизбек Тажиков, Ақылбек Успанов

II орын – Команда: Рустам Абдорахимов, Бисенгалиев Альбек

III орын – Команда: Мереке Айтлесов, Исқақов Спартак

 

Номинациялар бойынша ерекшеленген:

• Әдемі ойын үшін – Исқақов Спартак

• Жеңіске деген ерік үшін – Курмангожин Айбек

• Тенниске деген берігі үшін – Кесаев Александр

 

Бекітілген Ережеге сәйкес спортшылар дипломдар, сыйлықтар мен ақшалай сыйақымен марапатталды.

Марапаттау рәсімінен кейін, кәсіподақ ұйымының заңгері Жусубалиева Маусымжан жеңімпаздар мен қатысушыларды жақсы нәтижелермен құттықтап, спорт саласында жетістіктер мен жеңістер тіледі.


 Құрметпен,

Ұйымдастыру комитеті