ОО "Локальная профсоюзная организация работников компании "Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В"
0
Үстел теннисы турнирінің қорытындысы

2018 жылдың 19-20 желтоқсан айында бекітілген ережеге сәйкес Чех қалашығында ҚР Тәуелсіздік күніне арналған Үстел теннисы бойынша ашық турнир өтті.


Жарыс айналым жүйесі бойынша өтті
Турнирді дайындауға және өткізугежалпы басшылықты КПО кәсіподақ ұйымы жүргізді (М.Хайруллин). Турнирдің негізгі басшылығын атқарған басты төрешіКәрімов Ақан (теннис бойынша КПО командасының капитаныжәне тәуелсіз төреші Құдабаев Еркін.


Турнирдің ашылуы Қазақстан Республикасының Әнұранымен өткізілді
А.Кәрімов спортшылар алдында салтанатты сөз сөйлепЕңбек күнімен құттықтапбарлық қатысушыларға сәттілік тіледі және турнирді ашық деп жарияладыЕкі күндік әдемі,жігерлі ойынның қорытындысы бойынша нәтижелер:

 

орын – РАбдорахимов

II орын – А. Успанов

III орын – М. Айтлесов

 

Номинациялар бойынша ерекшеленген:

• Әдемі ойын үшін – А. Тажиков

• Жеңіске деген ерік үшін – М. Серёгин

• Тенниске деген берігі үшін – Д. Фарманиа

 

Бекітілген Ережеге сәйкес спортшылар дипломдар, сыйлықтар мен ақшалай сыйлықтармен марапатталды.


Марапаттау рәсімінен кейін, кәсіподақ ұйымының заңгері Жусубалиева Маусымжан жеңімпаздар мен қатысушыларды жақсы нәтижелермен құттықтап, спорт саласында жетістіктер мен жеңістер тіледі.