ОО "Локальная профсоюзная организация работников компании "Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В"
0
Қарашаның 28-і күні Достық үйінде кәсіподақтың белсенді жастарының қатысуымен «Жастар – кәсіподақ қозғалысының келешегі» атты облыстық форум өтті.

Қарашаның 28-і күні Достық үйінде кәсіподақтың белсенді жастарының қатысуымен «Жастар – кәсіподақ қозғалысының келешегі» атты облыстық форум өтті. ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында өткен форум жұмысын «БҚО-ның кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі жанындағы «Келешек» жастар қанаты ұйымдастырды. Батыс Қазақстан облысының әр өңірінен  жиналған 100-ге жуық жастардың басын біріктірген айтулы шараның алғашқы кезеңінде сөз алған облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы Ербол Салықов өңірдегі кәсіподақ саласының бүгінгі тынысынан хабардар етті. Облысымыздағы жастар қозғалысының белсенділігін атап өткен Ербол Ғұмарұлы әр саладағы кәсіподақ мүшелерін бірлесе жұмыстануға шақырды. Облысымыздағы салалық кәсіподақ  ұйымдарының төрағалары Айдар Батырханов және Марат Даупаев форум қатысушыларын мерекемен құттықтай отырып, кәсіподақ ұйымдарының мән мағынасын түсіндіріп, ақыл-кеңестерін айтып, тәжірибелерімен бөлісті.

 

Мақсатымыз – кәсіподақтағы белсенді жастарды біріктіріп, олардың кәсіподақтың жұмысын дамытуға байланысты ойларын бөлісуіне жағдай жасау. Бұл басқосуға аудандар мен қаладан және түрлі кәсіпорын-мекемелерден жастар өкілдері қатысты. Мұндай форум облысымызда алғаш рет өтуде, – дейді БҚО бойынша кәсіподақтар орталығы төрағасының орынбасары Әсел Балманова.
Ауқымды жиынның алғашқы кезеңінде жастар өз ойларын ортаға салып, ұсыныстарымен бөлісті.

Аталған форумға біздің компания қызметкерлері, «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» компания қызметкерлерінің жергілікті қәсіподақ ұйымы» ҚБ-нің мүшелері,жастары- Қоянбаев Ерлан, Абуев Елжас, Нигметов Руслан, Кумаргалиев Армат қатынасып, Қоянбаев Ерлан өз ұшқыр ойымен белсенділік танытқаны үшін облыстық кәсіподақ орталығының алғыс хатымен марапатталды.

Ал екінші кезеңде халықаралық дәрежедегі қазақ оқу қауымдастығының тренерлері жастармен «Менің көшбасшы ретіндегі бейнем» тақырыбында коучинг өткізді.  
Форум соңында жиында белсенділік танытқан жастар алғыс хаттармен марапатталды. «Келешек» жастар қанаты «БҚО-ның кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің қолдауымен бір жыл ішінде бірқатар шаралар өткізген. Жұмысшы жастар арасындағы алғашқы пікірсайыс турнирі, «Еуразия» демалыс лагеріндегі спорттық шаралар, қайырымдылық іс-шаралар – солардың бір легі ғана. Салалық кәсіподақтарда осындай жастар кәсіподақтары белсенді жұмыс атқаруда. Енді осы жұмыстарды аудандарда одан әрі жандандыру көзделуде.