ОО "Локальная профсоюзная организация работников компании "Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В"
0
Тәуелсіздік – Тұғырым

Орал қаласында 2017 жылдың 13 желтоқсан күні Батыс Қазақстан облысының Кәсіподақтар Орталығымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне орайластырылған мерекелік шара және кәсіподақ белсенділерін марапаттау рәсімі өткізілді. Мерекелік шараға кәсіподақ ардагерлері, Батыс Қазақстан облыс әкімінің орынбасары Б. Қонысбаева, облыстық маслихат хатшысы М. Құлшар, әлеуметтік әріптестер, жоғары оқу орындарының басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, кәсіподақ ұйымдарының жетекшілері мен белсенділері  қатынасты.

Шарада егемен еліміздің қалыптасуы, бүгінгі шыққан биігі мен қол жеткен жетістіктерінен сыр шертетін, ел тірегі  Елбасының арқасында бүгінгі күнге дейінгі жеткен жетістіктері бейнеленген бейне ролик көрсетілді.

 Мерекелік шара барысында Батыс Қазақстан облыс әкімінің орынбасары, облыстық маслихат хатшысы және облыстық Кәсіподақтар орталығының төрағасы барша қауымды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтай отырып, кәсіподақ қозғалысының қалыптасуына және дамуына қосқан зор үлестері үшін кәсіподақ саласының  бірқатар белсенділерін марапаттады.

ҚР Кәсіподақтар Федерациясының атынан «Кәсіподақтарға сіңірген еңбегі үшін» төс белгісімен кәсіподақ саласында көп жыл еңбек өтілдері бар  салалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің кәсіподағының төрағасы А. Батырханов,  Жаңақала ауданының әкімі Н. Қарағойшин марапатталды.

Сондай ақ облыстағы мәдениет, денсаулық сақтау, мемлекеттік қызмет және білім  салаларының үздіктеріне сала төрағаларымен  арнайы наградалар тапсырылды.  Мерекелік шарада  кәсіподақ жүйесіндегі жемісті еңбегі, кәсіподақ беделін арттыруға және елдің әлеуметтік-экономикалық өсіп өркендеуіне  қосқан зор үлестері үшін 41 кәсіподақ белсенділері марапатталды, солардың арасында біздің «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» компания қызметкерлерінің жергілікті кәсіподақ ұйымы» ҚБ белсенділері Головченко Сергей Иванович- ҚР Кәсіподақтар Федерациясының құрмет грамотасымен және Жусубалиева М.Е.- БҚО Кәсіподақтар орталығының алғыс хатымен марапатталды.

 

Шара облыстың өнер және мәдени қайраткерлерінің концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.